«Қазақстан халқына» ҚҚ гранттарына конкурс жариялаймыз

«Қазақстан халқына» Қоғамдық Қорының білім гранттарына арналған конкурсқа қатысуға асығыңыздар. АТУ-ға оқуға 10 грант бөлінді. Өтінім беру мерзімі 17 тамызға дейін.
Грант талапкерлер үшін оқудың барлық шығындарын толық өтейді және өтеусіз болып табылады (яғни ЖОО-ны бітіргеннен кейін жұмыспен өтеуді қажет етпейді) Грант иегері ай сайын стипендия алады, оның мөлшері мемлекеттік грант бойынша берілетін стипендияға теңестіріледі.
Келесі талапкерлерге басымдық беріледі:
♦ ауылдық жерлердегі аз қамтылған отбасылардан;
♦ кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларға;
♦ мүмкіндігі шектеулі, оның ішінде мүгедек балаларға.
Бағдарлама туралы толық ақпаратты «Қазақстан халқына» ҚҚ сайтынан табуға болады: https://qazaqstanhalqyna.kz/ru/programs.html
АТУ қабылдау комиссиясы сізді күн сайын 8.30-дан 19.00-ге дейін күтеді.
Ең ҮЗДІК білімді қол жетімді бағамен АЛЫҢЫЗ!