«Автоматтандыру және робототехника» кафедрасының апталығы Интеллектуалдық және инженерлік жүйелер факультетінде өтті

Интеллектуалды және инженерлік жүйелер факультетінде «Автоматтандыру және робототехника» кафедрасының апталығы өтті. Кафедра болашақ мамандарын ең өзекті әрі сұранысқа ие білім беру бағдарламалары бойынша даярлайды: 6B07108 – Өнеркәсіптік робототехника, 6B07103 – Автоматтандыру және басқару, 6B07104 – Роботтар және робототехникалық жүйелер, 6B07109 – Цифрлық энергетика.

Іс-шараға серіктес компаниялардың өкілдері, оқытушылар, ғалымдар, студенттер, сондай-ақ мектептер мен колледждердің бітіруші сынып оқушылары қатысты. Кафедра апталығы аясында сала мамандарының қатысуымен қонақ дәрістер, студенттік олимпиада, шеберлік сабақтары және робототехниканың 3 бағыты бойынша командалық жобалық жарыс ұйымдастырылды.

Сонымен қатар қонақтарға зертханалар, оқу аудиториялары және студенттер жатақханасы бойынша экскурсия өткізілді. Іс-шара соңында шығармашыл жастар ұжымдарының концерттік бағдарламасы ұсынылып, қатысушыларға АТУ атынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.