Атырау облысында мектеп түлектері үшін «Ашық есік күні» өтуде
Атырау облысында мектеп түлектері үшін «Ашық есік күні» өтуде. Биыл олардың саны алты мыңға жуық. Өңірге 4000 мың мемлекеттік грант бөлінді.
Білім беру көрмесіне еліміздің 25 жоғары оқу орны, оның ішінде Алматы Технологиялық университеті де қатысуда. Біздің университет тамақ, қайта өңдеу, жеңіл өнеркәсіп, қонақжайлылық индустриясы, бизнес, инжиниринг және IT технологиялар салалары үшін мамандар даярлайтын жетекші жоғары оқу орны болып табылады.