Атуда австриялық суретші Норберт Брюннермен және IN THE KITCHEN халықаралық жобасының қатысушыларымен қоғамдық әңгіме өтті

АТУ-дың «Дизайн» білім беру бағыты бойынша оқитын студенттері үшін ерекше әрі әсерлі оқиға орын алды – әлемге әйгілі австриялық суретші және мүсінші Норберт Брюннермен, италиялық Gioielleria Maison “Giglio” зергерлік бутигінің иесі (Кремона, Италия) Гильола Массерони және жобаның кураторы әрі швейцариялық 365 ART арт-платформасының негізін қалаушы Ольга Даниэле Public Talk форматындағы кездесу өтті.
Мұндай бірегей мүмкіндік студенттерге АТУ-дың халықаралық IN THE KITCHEN жобасына Academic Partner ретінде қатысуының арқасында туды.
Жас дизайнерлер әлемдік өнер майталмандарымен өздерінің шығармашылық жоспарларын, қазіргі заманғы өнер тенденцияларын, сондай-ақ Қазақстанның бай мәдениеті мен ұлттық айдентикасын талқылауға мүмкіндік алды.

Сөзсіз, бұл кездесу студенттер мен олардың оқытушыларына зор шабыт пен шығармашылық серпін берді, ол алдағы уақытта жаңа жобалар мен өнер туындылары арқылы өз көрінісін табары анық.