АТУ өзінің танымал түлегі, «TARBIYA» брендінің негізін қалаушы Тарбия Айдымбаеваны өз қабырғасында қарсы алды
АТУ өз қабырғасында өзінің танымал түлегі, белгілі қазақстандық дизайнер, «TARBIYA» брендінің негізін қалаушы және табысты business woman - Тарбия Айдымбаеваны қарсы алды!
Жыл сайын «TARBIYA» брендінің кәсіпорындарында Дизайн, текстиль және киім технологиялары факультетінің студенттері тағылымдамадан және өндірістік практикадан өтеді, ал факультет түлектері - өз мансаптарын табысты қалыптастырып келеді.
Біздің танымал түлегіміз АТУ студенттері мен түлектерін қолдап, оларға өз білімі мен тәжірибесін беріп, кең ауқымды мансаптық мүмкіндіктер ұсынуда. Сапар аясында Тарбия өндірістік практиканы сәтті өткені үшін студенттерге Алғыс хаттар мен Сыйлық сертификаттарын табыстады, сондай-ақ университет басшылығымен ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
Біз Тарбияға барлық бастамаларына сәттілік пен өркендеу тілейміз, университетіміздің, студенттеріміз бен түлектеріміздің дамуына қосып жүрген орасан зор үлесі үшін алғысымызды білдіреміз! Жаңа кездесулерді асыға күтетін боламыз!