АТУ және Шыңжаң университеті:"Жасыл тоқыма 2025" халықаралық конференциясындағы ынтымақтастық

АТУ мен Шыңжаң университеті (ҚХР, Үрімші қ.) арасындағы ынтымақтастық аясында АТУ-дың Дизайн, текстиль және киім технологиялары факультетінің басшылығы «Жасыл текстиль 2025» атты Халықаралық зияткерлік конференцияға қатысты.

Аталған конференция әлемдік текстиль және тігін өнеркәсібіндегі зияткерлік инновациялар мен экологиялық өзгерістерге, сондай-ақ текстиль өндірісіндегі озық жетістіктерге арналды. Іс-шара барысында әлемнің түкпір-түкпірінен шақырылған мамандардың баяндамалары мен презентациялары ұсынылды. Конференция аясында жас ғалымдардың форумы да өткізіліп, текстиль өндірісі саласында ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға серпін берілді.

Қытайдың жетекші көпсалалы жоғары оқу орындарының бірі болып табылатын Шыңжаң университетімен АТУ-ды тығыз әріптестік байланыстырады. Бұл аясында студенттердің, жас ғалымдар мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы жүзеге асырылып, бірлескен ғылыми-зерттеу жобалары құрылуда.