АТУ «Жас - Өркен 2024» Жас дизайнерлер мен сәнгерлердің XI халықаралық байқауын өткізеді
Алматы технологиялық университеті Алматы қаласы мен Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімдігінің, ҚР Дизайнерлер одағының қолдауымен 2024 жылғы 16 мамырда «Жас - Өркен 2024» - XI Халықаралық жас дизайнерлер мен модельерлер байқауын өткізеді.
Байқаудың мақсаты - студент жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту, дизайнерлердің кәсіби ортасын қалыптастыру, әлемдік сән индустриясының халықаралық ынтымақтастық аймағын құру.
«Жас - Өркен 2024» халықаралық байқауына қатысушылардың коллекцияларын ұсынатын модельдер кастингі жарияланады!
✅ Талаптар: Бойы 170 жоғары, минималды макияж, қара түсті қыналған киім және биік өкше.
Сән көрсетілімінің кастингіне кез - келген адам қатыса алады!
Сіздің арманыңызды жүзеге асыруға барлық мүмкіндігіңіз бар!
Кастинг: 1️⃣6️⃣ сәуір сағат 1️⃣6️⃣:0️⃣0️⃣-де
Өтетін орны: ГУК, Үлкен Акт залы!