“АТУ ҮЗДІК СТУДЕНТІ 2026”
Жыл сайынғы “Үздік студент-2026” байқауына өтінім қабылдау мерзімінің ұзартылғанын қуана хабарлаймыз. Университеттің оқу, ғылыми-зерттеу, қоғамдық жұмыс, спорттық және мәдени өмірінде жетістіктері бар АТУ 2–5 курс студенттерін қатысуға шақырамыз.
Қатысуға өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 10 сәуірге дейін жалғасады.
Қатысу үшін “Менің жетістіктерім – менің нәтижем” портфолиосын дайындап, Төле би көшесі, 100 мекенжайы бойынша бас оқу корпусы, 1211 кабинеттегі “Эндаумент АТУ” корпоративтік қорына ұсыну қажет.
Байқау жеңімпаздарына “Үздік студент 2026” сертификаттары және қордан стипендиялық гранттар табыс етіледі.
Қосымша сұрақтарыңыз болса: +7 702 495 2334 Асель Болатқызы