«АТУ үздік студенті - 2026»

АТУ-да «Эндаумент АТУ» корпоративтік қорының жыл сайынғы «Үздік студент» байқауының қорытындысы шығарылды!

2026 жылдың Үздік студенті атағы үшін 15 дарынды, белсенді және мақсатты үміткер бақ сынады. Байқауға қатысушыларды университет басшылығы мен серіктес компаниялардың жетекшілері, АТУ меценаттарынан құралған беделді қазылар алқасы бағалады.

Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз:

«Эндаумент АТУ» корпоративтік қорының стипендиялары:

  • Журабоева Азиза Нурбахтовна — Экономика және бизнес факультеті
  • Казанцева София Дмитриевна — Экономика және бизнес факультеті
  • Түрген Нұрлыбек Сабитұлы — Ақпараттық технологиялар факультеті
  • Мажит Мирас Талғатұлы — Интеллектуалды және инженерлік жүйелер факультеті
  • Нұрханқызы Аймекен — Дизайн, тоқыма және киім технологиялары факультеті

 Halyk Scholars бағдарламасының стипендиаты
(«Қазақстан Халық Банкі» АҚ қолдауымен жүзеге асырылады):

  • Байқадам Нұрай Мейрамбекқызы — Экономика және бизнес факультеті

Биыл Halyk Scholars стипендиясы алғаш рет тағайындалды.
2026 жылдың қыркүйек айынан бастап бағдарлама тұрақты негізде жүзеге асырылып, қаржы, IT және экономика бағыттары бойынша студенттерге қолдау көрсететін болады.
Арнайы стипендиялар:

  • Гиззятуллин Шон Дмитриевич — Экономика және бизнес факультеті

(«Эндаумент АТУ» корпоративтік қорының арнайы стипендиясы)

  • Мәуленқұл Ализа Ерланқызы — Интеллектуалды және инженерлік жүйелер факультеті

(«Алматы» ӘКК жобалармен жұмыс департаментінің директоры атынан стипендия)

  • Айнадинова Жаннұр Дарханқызы — Тағам технологиялары факультеті

(«Caspian Center (Каспийский Центр)» ЖШС басшысы атынан стипендия)
Барша жеңімпаздарға оқуда, ғылымда, шығармашылықта және қоғамдық қызметте жаңа жетістіктер тілейміз!