АТУ қызметкерлері Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Алматы қалалық ұйымының Құрмет грамоталарымен марапатталды
АТУ қызметкерлері Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Алматы қалалық ұйымының Құрмет грамоталарымен марапатталды
Алматы технологиялық университетінің қызметкерлері білім мен ғылымды дамытуға қосқан үлестері үшін Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Алматы қалалық ұйымының Құрмет грамоталарымен және ақшалай сыйлықтарымен марапатталды.
Марапаттау рәсімі Дүниежүзілік лайықты еңбек үшін іс-қимыл күніне орай ұйымдастырылды.
Жоғары марапаттарға ие болған қызметкерлерді шын жүректен құттықтаймыз!
-
Нәбиева Жанар Серікболқызы – Азық-түлік қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институтының директоры, PhD докторы.
-
Әділжанова Салтанат Әлмұханбетқызы – Ақпараттық технологиялар факультетінің «Компьютерлік инженерия» кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы, қауымдастырылған профессор.
-
Садықов Мұрат Қадылбекұлы – Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры, техника ғылымдарының магистрі.
Марапат иелерін лайықты жетістіктерімен құттықтай отырып, кәсіби қызметтеріне табыс, шығармашылық шабыт және жаңа белестер тілейміз!


