АТУ Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты кеңейтуде!

Алматылық технологиялық университетінің делегациясы, Бірінші проректор Нұрахметов Бауыржан Құмарғалиұлының жетекшілігімен Қытай Халық Республикасының Пиндиншань қаласындағы Хэнань қалалық құрылыс университетіне (Henan University of Urban Construction) ресми сапармен барды. Сапар барысында Хэнань қалалық құрылыс университетінің басшылығымен кездесулер өткізіліп, «Тұрақты даму үшін Қазақстан-Қытай ғылыми зерттеулер орталығын» құру туралы келісімге қол қойылды. Бұл келісім университеттер арасындағы тұрақты ғылыми және білім беру ынтымақтастығын қалыптастыруға негіз болады, сондай-ақ «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясында білім мен инновациялар алмасуға және ғылым мен технология саласындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға ықпал етеді.
Сондай-ақ кездесу барысында «Есептеу техникасы» бағыты бойынша жаңа бірлескен білім беру бағдарламасын (БББ) құруды көздейтін қос дипломды білім беру туралы келісім жобасы талқыланды. Академиялық өзара іс-қимыл шеңберінде бағдарлама «2+2» форматы бойынша жүзеге асырылады.
АТУ делегациясы сондай-ақ серіктес жоғары оқу орны – Пекин технология және бизнес университетінде (Beijing Technology and Business University, Пекин қаласы, ҚХР) болды. Бұл университетпен «Қазақстан-Қытай технологиялар мен инновациялар орталығын» құру туралы келісімге қол қойылды. Ынтымақтастық аясында тараптар 2025 жылдың күзіне АТУ-дың Тағам технологиялары факультеті докторанттарының ғылыми тағылымдамасы туралы, академиялық алмасу мерзімдері мен күтілетін нәтижелері жөнінде келісімге келді.
Өткен кездесулер барысында серіктес университеттердің ғалымдары үшін тиімді ынтымақтастық орталықтарын ұйымдастыру мәселелері және қытайлық делегациялардың осы жылдың күзіне жоспарланған жауап сапарларының мерзімдері келісілді.