АТУ Ғылыми кітапханасы — «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонының қатысушысы!

АТУ Ғылыми кітапханасы — «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонының қатысушысы!

Осыған орай, кітапханамыздың оқырмандарын республикалық ауқымды оқу марафонына қосылуға шақырамыз! Бұл — жаңа кітаптар мен авторларды танып, ой-өрісті кеңейтуге, сыни ойлау қабілетін дамытуға, оқыған кітаптарыңыз туралы әсерлеріңізбен бөлісіп, басқа қатысушылармен пікір алмасуға мүмкіндік. Сонымен қатар, біліміңізді сынап, жүлделі орындар үшін бақ сынап, адамдарды кітап оқу мәдениеті төңірегінде біріктіретін үлкен жобаның бір бөлігі бола аласыз.

6 ай. 15 кітап. Сен — «Кітап оқитын ұлттың» бір бөлшегісің!

Келіңіздер, бірге Ғылыми кітапханада кітап оқу — ойлану, жаңаны тану және даму арқылы қалыптасқан ерекше ортамызды кеңейтейік!

Марафонға және оқыған кітаптарымызды бірге талқылайтын кітап клубымызға қосылыңыз!
Жоба туралы толығырақ: http://reading-nation.kz/ - «Кітап оқитын ұлт»