АТУ туралы 5 қызықты факт: біздің университет туралы не білмеуіңіз мүмкін

Сүйікті АТУ туралы қызықты фактілері қамтылған жазбалар сериясын бастаймыз. Алғашқы бес факт:
АТУ 1957 жылы құрылған. 70 жылға жуық уақыт ішінде тағам және қайта өңдеу, инжиниринг және IT, дизайн және сән индустриясы, экономика және қаржы секторы, туризм және мейрамхана және қонақ үй бизнесі үшін 60 000-нан астам кәсіби кадрлар дайындалды.
АТУ әлемнің жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтасады. Ынтымақтастықтың негізінде АТУ студенттері қос диплом бағдарламасы бойынша оқуға және оқуды аяқтағаннан кейін бірден екі беделді дипломның иегері болуға мүмкіндік алады. 
Дәл біздің университетте Қазақстанда алғаш рет 6В11102 Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі білім беру бағдарламасы ашылды. Біздің университетте ATU Inn бірегей оқу мейрамханалық-қонақ үй кешені жұмыс істейді, оның баламасы ешбір қазақстандық ЖОО-да жоқ
АТУ тағам және қайта өңдеу саласы үшін кәсіпқойларды даярлау бойынша абсолютті көшбасшы болып табылады. 
АТУ-дағы білімнен бастап Айгуль Қасымова, Тарбия Айдымбаева, Аида Кауменова , Салтанат Баймухамедова сынды атақты қазақстандық дизайнерлер мансабы басталды
Біздің жазбаларымызды қадағалаңыз! 
Әрқашан сіздердің atu_media