АТУ Ташкент тоқыма және жеңіл өнеркәсіп институтымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

АТУ Ташкент тоқыма және жеңіл өнеркәсіп институтымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

АТУ делегациясы Бірінші проректор Бауыржан Құмарғалиұлы Нұрахметовтың жетекшілігімен Ташкент тоқыма және жеңіл өнеркәсіп институтына жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында

АТУ делегациясы институт басшылығымен – Бірінші проректор Бахтиёр Насимовпен, Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Исмаилджон Булановпен, Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Виктория Лямкинамен кездесті.

Кездесу қорытындысы бойынша қос дипломды білім беру бағдарламаларын, бірлескен ғылыми зерттеулер мен техникалық әзірлемелерді жүзеге асыруды, жетекші ғалымдар, докторанттар, магистранттар және студенттермен өзара алмасуды қамтитын ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы екіжақты келісімге қол қойылды. Сонымен қатар АТУ делегациясы үшін институттың зертханалары мен ғылыми-зерттеу базасымен танысу мақсатында экскурсия ұйымдастырылды.

Ташкент тоқыма және жеңіл өнеркәсіп институты 1932 жылы құрылған. Институт – Өзбекстанның жетекші жоғары оқу орындарының бірі және тоқыма мен жеңіл өнеркәсіп саласы үшін мамандар даярлайды. Білім беру бағыттарына машина жасау, трикотаж, тоқу, иіру, тігін және аяқ киім өндірісі, мақта тазалау, сондай-ақ жібек, химия, баспагерлік және қағаз өнеркәсібіне арналған мамандықтар кіреді.