АТУ студенттерінің үш стартапы дамуға қаржы алды
Тағы үш студенттік Start-up жоба даму үшін қолдау мен қаржыландыруға ие болды!
Құттықтаймыз!
1 000 000 теңге «Эндаумент АТУ» корпоративтік қорынан
Start-up жоба «EcoPulse» — жасанды интеллект пен технологияларға негізделген қоқыс қабылдау құрылғысы
Авторлар: Қуанышбек Мейрамбек, Алханов Даниал, Кәржан Ержігіт Берікұлы
Жетекшісі: Адильбекова А.Ж.
500 000 теңге АТУ ректорынан
Start-up жоба «WayU» — цифрлық студенттік гид
Автор: Бердешова Нұрәсел
Жетекшісі: Торемуратова Г.Е.
400 000 теңге меценат Рахметов Максат Маратұлынан
Start-up жоба «THERMOFLIP BAG» — тағам жеткізуге арналған ақылды термосөмке
Автор: Алтынбеков Ельнур
Жетекшісі: Алимкешова А.Х.
АТУ ректорына, меценат Рахметов Максат Маратұлына және «Эндаумент АТУ» корпоративтік қорына талантты студенттерімізді қолдағаны және стартап қозғалысын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз!
Жеңімпаздарға стартаптарын табысты дамытып, жаңа идеялар мен жобаларға толы жетістіктер тілейміз!


