АТУ студенттерінің халықаралық тәжірибесі: «Job Türkiye» халықаралық жұмыспен қамту агенттігімен ынтымақтастық

АТУ студенттерінің халықаралық тәжірибесі: «Job Türkiye» халықаралық жұмыспен қамту агенттігімен ынтымақтастық.

«Job Türkiye» халықаралық жұмыспен қамту агенттігімен ұзақ мерзімді және жемісті ынтымақтастық аясында Экономика және бизнес факультетінің деканы Абдраимова Диана Байшағылқызы және Мансап орталығының бастығы Джапабаева Гүлжан Қайратқызы Түркияның курорттық қалалары бойынша таныстыру турына қатысты.

Сапар аясында Диана Байшағылқызы мен Гүлжан Қайратқызы студенттердің халықаралық практикасының ұйымдастырылуымен, олардың жұмыс және тұру жағдайларымен танысты, қонақ үй кешендері мен практика базаларын аралады, студенттермен және әріптестік ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Сондай-ақ, АТУ делегациясы Antalya Belek University-мен кездесу өткізді, оның барысында одан әрі ынтымақтастық мәселелері талқыланып, Меморандумға қол қойылды.