АТУ студенттерінің халықаралық сахнадағы жарқын жеңісі
АТУ студенттері “ZHULDYZ ART KAZAKHSTAN” халықаралық байқауында жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Серік Жұлдыз Русланқызы
Дизайн, текстиль және киім технологиялары факультеті, ТКИЛП 25-12 тобы
І дәрежелі лауреат (вокал номинациясы)
Сонымен қатар, Жұлдыз халықаралық деңгейде үлкен мүмкіндікке ие болды — Түркия, Дубай, Ташкент және Ыстықкөлде өтетін халықаралық байқауларға тегін қатысуға жолдама жеңіп алды.
Әбділда Аружан Отарғалиқызы
Дизайн, текстиль және киім технологиялары факультеті, ТТП 24-11 тобы
ІІ дәрежелі лауреат (вокал номинациясы)
Жетекшісі: Лала Бақытнұрқызы
Студенттерімізді жарқын жеңістерімен құттықтаймыз.
Сіздерге шығармашылық табыс, жаңа биіктер мен үлкен сахналар тілейміз.

