АТУ студенттеріне арналған «Өз блогыңды қалай дамытуға болады» тақырыбында Тельман Нағашбаев қатысуымен кездесу өтті

АТУ студенттеріне блогер, кәсіпкер және нетворкинг бойынша сарапшы Тельман Нағашбаевпен «Өз блогыңды қалай дамытуға болады?» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесу барысында спикер жеке брендті дамыту, сапалы контент жасау, аудиториямен жұмыс істеу және әлеуметтік желілерде ілгерілету мүмкіндіктері туралы айтты. Студенттер пайдалы кеңестер алып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды.

Кездесу соңында Тельман Нағашбаев талқылауға белсенді қатысқан студенттерге жазғы демалысқа туған қалаларына баратын жол билеттерін сыйға тартты.