АТУ студенттеріне арналған ашық дәріс: құқықтық сауаттылық және зорлық-зомбылықтың алдын алу
Жастар ісі департаментінің ұйымдастыруымен және құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен 1–4 курс және шетелдік студенттерге арналған ашық дәріс өткізілді.
Іс-шара «Әйелге құрмет — тең қоғам дамуының көрсеткіші» ұранымен ұйымдастырылып, «Некеге мәжбүрлеу, сталкинг және әйелдерге қатысты өзге де зорлық-зомбылық түрлеріне қатысты құқықтық сауаттылықты арттыру және нөлдік төзімділік қағидатын қалыптастыру, сондай-ақ туберкулездің алдын алу» тақырыптарын қамтыды.
Дәріс барысында шақырылған спикерлер студенттерге аталған мәселелер бойынша заңнамалық түсіндірме беріп, құқықтық жауапкершілік пен алдын алу шаралары жөнінде жан-жақты ақпарат ұсынды. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өз сұрақтарын қойып, пікір алмасты.





