АТУ студенттері құқықтық және Ұлттық диктанттарға қатысты
«Заң және тәртіп» құқықтық диктант
2025 жылғы 5 қарашада Алматы технологиялық университетінде «Заң және тәртіп» жобасы аясында студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған құқықтық диктант өтті.
Іс-шараны Студенттермен жұмыс басқарма ұйымдастырды. «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының ассистент-профессоры Жұмабаева Құралай Жұмабайқызы диктант өткізді.
Құқықтық диктант өткізудің негізгі мақсаты жастардың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және студенттердің азаматтық жауапкершілігін нығайту болды.
Мұндай бастамалар құқықтық сана деңгейін арттыруға, белсенді азаматтық ұстанымды дамытуға және заңнама нормаларын сақтауға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға ықпал етеді.
«Ұлттық диктант»
2025 жылдың 5 қарашасында «Алматы технологиялық университетінде» «Ұлттық диктант» жобасы аясында мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдысын қалыптастыру және оны насихаттау мақсатында жалпыұлттық диктант өтті.
Іс-шараны Студенттермен жұмыс басқармасы ұйымдастырып, «Мемлекеттік және шет тілдері» кафедрасының профессор м.а. Коянбекова Сара Бариевна мен сеньор-лектор Кулабаева Римма Турсуновна диктантты жүргізді.
Бұл бастама сауатты жазудың тек білім өлшемі ғана емес, сонымен бірге азаматтық жауапкершілік және тілге деген құрметтің көрінісі екенін білдіреді.


