АТУ студенттері «VIVA Pharm» кәсіпорнында дәрілік препараттардың қалай өндірілетінімен танысты
Фармацевтика саласындағы табысты мансапты таңда! Сұранысқа ие мамандыққа жолың АТУ-дың 6В07203 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасынан басталады!
Биотехнология және химиялық технологиялар факультетінің 6В07203 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасында оқитын студенттер АТУ-дың серіктесі — қазақстандық «VIVA Pharm» компаниясының (@vivapharm.kz) өндіріс орнында болды. 1999 жылы негізі қаланған компанияның бүгінде заманауи өндіріс кешені мен зертханалары бар. Компания мамандары жетекші ғылыми орталықтармен бірлесіп зерттеу жүргізеді және сапасы жоғары дәрі-дәрмектің сан алуан түрін шығарады.
Экскурсия барысында болашақ технологтар дәрілік препараттардың қалай өндірілетінін өз көздерімен көрді. Олар таңдаған мамандығының қыр-сырымен және осы саладағы мансап мүмкіндіктерімен танысты.
6В07203 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» — ғылымның алдыңғы шебінде болуға, сұранысқа ие инновациялық дәрілік препараттар әзірлеуге және адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға ұмтылатындардың таңдауы!