Алматы технологиялық университетінің командасы ICPC халықаралық олимпиадасының ширек финалына жолдама алды

Алматы технологиялық университетінің студенттері бағдарламалау бойынша ICPC халықаралық студенттік олимпиадасының іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, ширек финалға жолдама алды.

Олимпиаданың 1/8 іріктеу кезеңіне Қазақстанның түкпір-түкпірінен 356 команда қатысып, олардың 173-і ширек финалға өтті. Солардың қатарында университетіміздің студенттері де бар.

Алматы технологиялық университетінің атынан Power4 командасы қатысады:

  • Күндыз Кафугали
  • Дархан Сабитханов
  • Ақан Серіков
  • Жетекшілер: «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының сеньор-лекторлары Қайырхан Мұқапіл және Тұрысбек Жәнібек.

ICPC олимпиадасының ширек финалы 2026 жылғы 14 қарашада Алматы қаласында, Қазақстан-Британ техникалық университетінің (ҚБТУ) базасында өтеді.

Аталған халықаралық олимпиадаға қатысу Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыруға ықпал етеді:

ТДМ 4: Сапалы білім беру – цифрлық құзыреттіліктерді дамыту және тәжірибеге бағытталған білім беруді жетілдіру.

ТДМ 9: Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым – жаңа буынның білікті IT мамандарын даярлау.

ТДМ 8: Лайықты жұмыс және экономикалық өсу – цифрлық экономика талаптарына сай бәсекеге қабілетті мамандарды қалыптастыру.

ТДМ 17: Тұрақты даму мақсаттары жолындағы әріптестік – халықаралық академиялық ынтымақтастық пен серіктестікті нығайту.

Power4 командасын осы жетістігімен құттықтаймыз және ICPC олимпиадасының ширек финалында сәттілік пен жеңіс тілейміз!