АТУ-да PhD докторларына дипломдарды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің «Ғылыми дәреже беру туралы» шешімі негізінде философия докторы (PhD) дәрежесі берілді:
- Есенова Айдана Болатовна - 8D07203 «Тағам қауіпсіздігі» бағыты бойынша
- Бейсембаева Алем Халитовна - 8D07203 «Тағам қауіпсіздігі» бағыты бойынша
- Мамыраев Максат Нурсултанович - 8D07202 «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (тағам саласы бойынша)» бағыты бойынша.
Университет басшылығы мен профессорлық-оқытушылық құрам жас ғалымдарды құттықтап, олардың Қазақстан ғылымының дамуына лайықты үлес қосатынына сенім білдірді.










