АТУ сіздерді ATU OPEN DAY 2026 іс-шарасына шақырады!
Жарқын студенттік өмірді, сұранысқа ие қызықты мамандықты және табысты мансапты армандайсың ба? АТУ — сенің дұрыс таңдауың!
Сен Қазақстанның ТОП-4 жоғары оқу орнының бірімен танысып, білім беру бағдарламалары, гранттар, жеңілдіктер және оқуға түсу туралы толық ақпарат аласың. Студенттерімізбен және оқытушыларымызбен кездесіп, АТУ атмосферасын сезінесің!
Сені әсерлі шоу-бағдарлама, АТУ-дан жүлделер мен сыйлықтар, ұмытылмас эмоциялар, жаңа таныстықтар мен жарқын әсерлер күтеді! Қонақтарымыз үшін арнайы ATU OPEN DAY 2026 сахнасында танымал орындаушы Азиз Балтабекұлы өнер көрсетеді. Іс-шара жүргізушісі — шоумен Мейржан Нұрмухан.
БАРШАҢЫЗДЫ 2026 жылғы 27 қарашада сағат 13:30-да күтеміз!
Мекенжайымыз: Алматы қаласы, Төле би көшесі, 100, Бас оқу корпусы, Үлкен акт залы.