АТУ студенттері «Turki Fest Almaty» студенттік фестивалінде
АТУ студенттері «Turki Fest Almaty» студенттік фестивалінде
Инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультетінің студенттері Алматыда өткен «Turki Fest Almaty» студенттік фестивалінде «Ең үздік ұлттық би» номинациясында жүлделі орынға ие болды. Бұл фестиваль Алматы қаласының Түркі әлемінің Жастар астанасы мәртебесі аясында ұйымдастырылды.
Фестивальде біздің студенттер «Батырлар биі» атты би нөмірін ұсынып, талантты орындауымен және ерекше қойылымымен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
Фестивальдің басты мақсаты – түркі халықтарының бай мәдени мұрасын, өнері мен дәстүрлерін насихаттау. Іс-шара барысында студенттер өз халықтарының бірегей салт-дәстүрлерін таныстырып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Фестивальдің негізгі идеясы – жастар арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайту, ұлттық бірегейлікті және рухани байланысты қолдау, сондай-ақ студенттердің шығармашылық әлеуетін дамыту.
Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз және алдағы шығармашылық табыстарға жете берулерін тілейміз!






