АТУ студенттері үшін «Кім боламын?» тақырыбында дәріс пен тренинг өткізді
АТУ студенттері үшін АТУ түлегі, АТУ Қамқоршылық кеңесінің төрағасы, «Қазақстанның азық-түлік кәсіпорындары Одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Сабралиева Марина Дуйсенгалиевна «Кім боламын?» тақырыбында дәріс пен тренинг өткізді. Сонымен қатар АТУ Экономика және бизнес факультетінің «Экономика және менеджмент» кафедрасының PhD докторы, ассоц. профессор м.а. Епанчинцева Светлана Эдуардовна «Тайм-менеджмент» тақырыбында дәріс оқыды.
Дәрістер мен тренинг барысында студенттер жанжалды жағдайларды шешу, уақытты тиімді басқару дағдыларын меңгерді, сондай-ақ болашақ кәсібіндегі даму мүмкіндіктерін және табысты мансап қалыптастыру жолында өндірістік тәжірибе мен тағылымдамалардың маңыздылығын талқылады.
Марина Дуйсенгалиевна мен Светлана Эдуардовнаға өткізген дәрістері мен тренингтері үшін алғыс білдіреміз!