АТУ студенттері үшін «Қаржылық сауаттыты бол!»  дәрісі өтті.

АТУ студенттері үшін «Қаржылық сауаттыты бол!»  дәрісі өтті. Дәрісте сарапшылар жеке қаржыны қалай дұрыс басқару және алаяқтардың қулықтарына түспеу туралы практикалық кеңестермен бөлісті, өзекті кейстерді ұсынды және студенттеріміздің барлық сұрақтарына жауап берді. 
Спикер ретінде Алматы қаласы бойынша ТДМ криминалистикалық бөлімінің басшысы, Экономикалық тергеу қызметінің подполковнигі Калиев Азамат Алтаевич сөз сөйледі.
Аталған іс-шара модераторы - Рузиева Эльвира Абдулмитовна, э.ғ. к., қауымдастырылған профессор, АТУ экономика және бизнес факультетінің "Бухгалтерлік есеп және аудит" кафедрасының меңгерушісі.

Іс-шараны ұйымдастырушылар ҚР Қаржы мониторингі агенттігі, Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті және АТУ экономика және бизнес факультетінің "Бухгалтерлік есеп және аудит" кафедрасы.