АТУ студенттері шетелдің үздік жоғары оқу орындарында білім алуына бірегей мүмкіндігі бар!
АТУ студенттері бір семестр бойы Польшадағы Познань қаласында орналасқан Познань политехникалық университетінде білім алады. Бұл университет 1919 жылы құрылған және Польшадағы ең ірі техникалық жоғары оқу орындарының бірі болып табылады.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы — халықаралық тәжірибе жинақтауға, еуропалық білім беру жүйесімен танысуға және алған білімдерін тәжірибеде қолдануға тамаша мүмкіндік. АТУ студенттерге кәсіби және жеке дамудың жаңа жолдарын ашып, халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамытып келеді.
Бағдарлама қатысушыларының бірі — Мирас Мажит. Мирас «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламасы бойынша оқиды және қазіргі уақытта Польшада білім алуда.
АТУ-дағы академиялық ұтқырлық бағдарламаларының негізінде студенттеріміз әлемді көруге, жаңа білім мен тәжірибелік дағдылар алуға, әлемнің ең үздік әрі беделді университеттерінде оқуға мүмкіндік алады!








