АТУ студенттері Samal су өндіру зауытына экскурсия жасады
Тағам технологиялары факультетінің студенттері АТУ-дың серіктес компаниясы «Керемет Су СКЕ» @samal_water компаниясына, ең танымал брендтердің бірі - «Samal» суын өндіретін зауытқа экскурсиямен барды.
Экскурсия барысында біздің жас мамандарымыз өндірістің толық үдерісімен танысты: механикалық тазарту, жұмсарту, сүзгілеу, молекулалық тазарту, ультракүлгін сәулемен өңдеу, озондау. Зауыт ең заманауи жабдықтармен жабдықталған және сапаны қатаң бақылау жүйесімен ерекшеленеді.
Мұндай экскурсиялар студенттеріміздің кәсіби ой-өрісін кеңейтуге, жаңа практикалық дағдыларды меңгеруге, заманауи өндіріс пен еңбек нарығының талаптарын түсінуге, сондай-ақ өз саласының мамандарымен және HR бөлімдерінің өкілдерімен танысуға мүмкіндік береді.
Іс-шара АТУ Мансап орталығының қолдауымен ұйымдастырылды.
