АТУ студенттері мен қызметкерлері үшін "Менің қалам – менің бояуларым"атты мерекелік іс-шара өтті
АТУ студенттері мен қызметкерлері үшін Алматы қаласы Күнін мерекелеуге арналған "Менің қалам – менің бояуларым" атты мерекелік іс-шара өтті. Жарқын мерекеде би, вокалдық және аспаптық нөмірлері бар шығармашылық студенттік ұжымдар өнер көрсетті. Әрине, дәмдер де болды-барлық шақырылғандар алма десерттері бар дастарханды жоғары бағалады. Біздің студенттер өнер алаңында өздерінің көркемдік таланттарын көрсетті. АТУ ғылыми кітапханасының қызметкерлері бірегей безендірілген тақырыптық кітап көрмесін ұсынды. Іс-шара университетіміздің белсенді студенттерінің ауқымды флешмобымен аяқталды.
Суреттерге сілтеме







