АТУ студенттері мен қызметкерлері мәдени-танымдық іс-шараға қатысты

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі мен Сағадат Нұрмағанбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институты бірлесіп, Республика күніне арналған «Елім менің – мәртебем» атты мәдени-танымдық іс-шара өткізді.

Іс-шараға Алматы технологиялық университетінің студенттері мен қызметкерлері қатысты. Кездесу ел тарихын дәріптеуге, ұлттық рухты нығайтуға және жастардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыруға бағытталды.