АТУ студенттері «Mangystau CUP» республикалық жастар дебат турниріне қатысты

АТУ студенттері Ақтау қаласында өткен Маңғыстау облысы әкімінің кубогіне арналған «Mangystau CUP» республикалық жастар дебат турниріне қатысты.

Қазақстанның 8 өңірінен келген 32 команда бақ сынаған додада біздің студенттер 1/8 финал кезеңінен сәтті өтіп, 1/4 финалға шықты.

Турнир қорытындысы бойынша 2-курс студенттері Асан Ақсұлтан (Ақпараттық технологиялар факультеті) мен Садирбаева Ұлдаулет (Дизайн, тоқыма және киім технологиялары факультеті) жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жарыстың үздік сегіз командасының қатарына енді. Сондай-ақ олар Маңғыстау облысының Жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының атынан Алғыс хатпен марапатталды.

Студенттерімізді лайықты жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Оларға алдағы уақытта толағай табыс, жарқын жеңістер мен жаңа белестер тілейміз!