АТУ студенттері Huawei желілік технологиялары бойынша республикалық олимпиадада III орын иеленді

"Ақпараттық жүйелер" білім беру бағдарламасының студенттері "Ақпараттық жүйелер" кафедрасының сеньор-лекторлары А.Ж. Әділбекова мен К. Мұқапилдің жетекшілігімен республикалық олимпиадаға қатысты.

Аталған олимпиада «Huawei негізіндегі желілік технологиялар» тақырыбына арналды және IT мен телекоммуникация мамандықтарының студенттері арасында өтті. Нәтижесінде команда III орынға ие болды.

Команда құрамында Бисенбаев Бекарыс Ерболұлы, Кадирхан Ақбота Қуатқызы, Қайрғали Құндыз Амантайқызы, Керімбекқызы Мунира және Нуран Жандос Маратұлы болды.

Олимпиаданың негізгі міндеттері – желілік технологиялар саласындағы дарынды студенттерді анықтау және қолдау, желілік инфрақұрылымды жобалау мен баптау бойынша практикалық дағдыларды дамыту, заманауи IT шешімдерді насихаттау, сондай-ақ жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты күшейту және жас мамандарды цифрлық экономикаға бейімдеу.

Іс-шараның басты мақсаты – студенттердің кәсіби білімін тереңдетіп, практикалық дағдылары мен заманауи желілік технологиялар саласындағы құзыреттерін дамыту.