АТУ студенттері «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасы бойынша XVIII республикалық пәндік олимпиадада III орын иеленді

«Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының студенттері «Ақпараттық жүйелер» ОП бойынша XVIII Республикалық пәндік олимпиадада жоғары нәтиже көрсетіп, Қазақстан Республикасының 22 жоғары оқу орнының ішінде жүлделі 3-орынды иеленді.

Команда жетекшісі: «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының меңгерушісі Тогжанова К.О. және сеньор-лектор Тұрысбек Ж.

Команда құрамында:
• Өсербай Руслан Нұралыұлы — 3 курс студенті (6B06101 «Ақпараттық жүйелер»);
• Бердібек Семсер Бердібекұлы — 4 курс студенті (6B06101 «Ақпараттық жүйелер»);
• Белдиярова Аяжан Ерланқызы — 4 курс студенті (6B06101 «Ақпараттық жүйелер»).

Студенттерді жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз және алдағы уақытта жаңа табыстар, кәсіби өсу мен жетістіктер тілейміз!