АТУ студенттері «Таза Казахстан» экологиялық акциясына қатысты

«Таза Қазақстан» жобасы аясында АО «АТУ» Жастар істері департаменті КММ «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы «Шаңырақ» аумағында тазалық жұмыстарын өткізді.

Іс-шараға университет белсенділері және Жастар істері департаментінің қызметкерлері қатысты. Акцияның негізгі мақсаты — экологиялық мәдениетті қалыптастыру, жастардың әлеуметтік жауапкершілігін дамыту және әлеуметтік мекемеге көмек көрсету болды.

Жұмыс барысында қатысушылар қоршаған ортаны абаттандыруға өз үлестерін қосты.Мұндай іс-шараларды өткізу студенттердің азаматтық ұстанымын нығайтуға, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға және әлеуметтік белсенділікті дамытуға ықпал етеді.