АТУ студенті жүзуден Батыс Азия чемпионатында жүлделі орындарға ие болды
АТУ Экономика және бизнес факультетінің студенті Бибулаев Еламан Астана қаласында өткен Батыс Азия жүзу чемпионатында кезекті жоғары марапаттарға ие болды.
Жүлделер үшін Қазақстан, Қырғызстан, Иран, Түрікменстан, Үндістан, Таиланд, Ресей және Малайзия елдерінен келген 450-ге жуық спортшы бақ сынады.
Еламанды жеңісімен құттықтаймыз! Чемпионымызды мақтан тұтамыз!
1 орын – 100 м еркін жүзу
1 орын – 100 м баттерфлай
1 орын – 200 м еркін жүзу
1 орын – 4×100 м аралас эстафета, еркін жүзу
2 орын – 50 м еркін жүзу
АТУ студенттері-білімде, ғылымда, спортта және шығармашылықта үздік!

