АТУ студенті Мұхтарбек Жанкелді академиялық ұтқырлық бағдарламасымен Еуропада

АТУ Экономика және бизнес факультетінің 2-курс студенті Мұхтарбек Жанкелді академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Италияның Милан қаласындағы беделді IULM University of Milan (Libera Università di Lingue e Comunicazione IULM) университетінде білім алуда.

Бұл университет 1968 жылы негізі қаланған және гуманитарлық ғылымдар мен коммуникация саласындағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі болып табылады.

Жанкелді академиялық ұтқырлық бағдарламасына арналған конкурста жеңіске жетіп, АТУ намысын халықаралық деңгейде танытып жүр.

Миланда оқу Жанкелдіге жаңа білім, тәжірибе және халықаралық байланыстар орнатуға үлкен мүмкіндік берді.

АТУ халықаралық серіктестіктер мен академиялық ұтқырлық бағытында кең мүмкіндіктер ұсынады, студенттерге әлемнің жетекші университеттерінде білімін жетілдіруге жол ашады.

Жанкелдіге оқуда сәттілік тілейміз!