АТУ СТУДЕНТІ ДЗЮДОДАН АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ
Алматы технологиялық университетінің Интеллектуалды және инженерлік жүйелер факультетінің 1-курс студенті, «Өнеркәсіптік робототехника» білім беру бағдарламасының студенті Өмірсерік Абзал дзюдодан өткен облыстық чемпионатта жүлделі орынға ие болды.
2026 жылғы 16–19 қыркүйек аралығында Алматы облысында ерлер мен әйелдер арасында 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында дзюдодан чемпионат өтті. Жарыс барысында жас спортшылар өздерінің шеберліктерін, физикалық дайындығын және спорттық жігерін көрсетті.
Аталған додада АТУ студенті жоғары нәтиже көрсетіп, III орынға ие болып, қола жүлдегер атанды.
Бұл жетістік студенттің спорттағы табандылығы мен еңбегінің нәтижесі. Университет студенттерінің білім алумен қатар спорттық бағытта да өз қабілеттерін дамытуына қолдау көрсетіп келеді.
Жас спортшымызды жүлделі орынмен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда сәттілік, биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз!