АТУ спорт залында «Әке жолы-ізгі жол» атты жасөспірімдер жарысы өтті

АТУ спорт залында «Әке жолы-ізгі жол» атты жасөспірімдер жарысы өтті. Іс-шара Алматы  қаласы әкімдігінің қолдауымен отбасы құндылықтарын насихаттау, өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі әке рөлінің маңыздылығын және өскелең ұрпақтың бойында шығармашылық және спорттық дарындылықты дамыту мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шараға Алматы қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 11 сынып оқушылары мен олардың ата-аналары қатысты.