АТУ ректоры Іскерлік кеңестің VIII отырысына қатысты.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына ресми сапары аясында Мемлекет басшысы «Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің VIII отырысына» сөз сөйледі. Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстан мен ҚХР университеттері арасында ынтымақтастық жөніндегі келісімдерге қол қойылды. Іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Қытай мен Қазақстанның жетекші 60-тан астам университетінің ректорлары қатысты.
АТУ ректоры Құлажанов Талғат Құралбекұлы Қытайдың жетекші жоғары оқу орындары – Бейжің бизнес және технология университеті (BTBU) мен Хэнань қалабасшылық университетін (HUUC) Қазақстан-Қытай ғылыми және академиялық коллаборация орталықтарын құру бойынша ынтымақтастыққа шақырды. Кездесу қорытындысында студенттік алмасу және Қазақстан мен ҚХР ғалымдарының бірлескен бағдарламаларына ресми түрде бастау берілді.




