АТУ QS World University Rankings 2026 рейтингінің 22-ші шығарылымына сәйкес әлемнің ең үздік университеттерінің бірі деп танылды!

Алматы технологиялық университеті QS World University Rankings 2026 рейтингінің 22-ші шығарылымына сәйкес әлемнің ең үздік университеттерінің бірі деп танылды!

QS Quacquarelli Symonds халықаралық агенттігі жаһандық жоғары білім беру саласында QS World University Rankings 2026 рейтингінің нәтижелерін жариялады! Рейтингке енген Қазақстанның 20 жоғары оқу орнының ішінде АТУ еліміздің ТОП-10 үздік университеттерінің қатарына кіріп, әлемнің үздік университеттері арасында 1001–1200 орынға ие болды!