АТУ парфюмерлік-косметикалық өндіріске мамандар дайындауда

Осы оқу жылында АТУ-дың Биотехнология және химиялық технологиялар факультеті ең сұранысқа ие әрі болашағы зор бағыттардың бірі — 6В07208 Парфюмерлік-косметикалық өнімдер технологиясы бойынша мамандар даярлауды бастады.

atu_media командасы сапалы қазақстандық косметикалық өнімдер шығаратын «TELLI ONDIRIS» @tellikz өндірістік компаниясында болды. Өндірістік қуаттылығы жылына 30 млн дана өнім шығаруға мүмкіндік береді. Ең заманауи технологиялық жабдықтар мен енгізілген Сапа менеджменті жүйесі шығарылатын өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін толық бақылауға мүмкіндік береді.

Біздің студенттер «TELLI ONDIRIS» компаниясында өндірістік тәжірибеден өтіп, өз білімдері мен дағдыларын іс жүзінде қолданып, жоғары сапа стандарттарына сай косметикалық өнімдер жасауды үйренуде.

Beauty индустриясындағы табысты мансап АТУ-дан басталады!

Өту балы – 50!
 АТУ коды – 053

Толығырақ:
 +7 707 221 88 08
 +7 (727) 221 88 08