АТУ оқытушылары «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2025» атағын алды

АТУ оқытушылары «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2025» атағын алды

Алматы қаласында «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2025» республикалық конкурсы жеңімпаздарын марапаттаудың салтанатты рәсімі өтті. Биыл еліміздің жоғары оқу орындарының 150 оқытушысына құрметті атақ берілді.

Марапатталғандардың қатарында біздің университетіміздің оқытушылары да бар:

  • Уажанова Раушангул Улангазиевна — техника ғылымдарының докторы, профессор, «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және сапасы» кафедрасы.
  • Азимова Санавар Туглуковна — қауымдастырылған профессор-зерттеуші, PhD, «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және сапасы» кафедрасы. 
  • Козбакова Айнур Холдасовна — қауымдастырылған профессор, PhD, «Ақпараттық жүйелер» кафедрасы.
  • Абдигалиева Толкын Бакытовна — қауымдастырылған профессор, PhD, «Қолданбалы биотехнология» кафедрасы.

Университет атынан әріптестерімізді лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа ғылыми жетістіктер, шабыт, тың жобалар және жарқын кәсіби табыстар тілейміз!