АТУ Орталық Азия мен Қытай елдерінің Білім министрлерінің кездесуі аясында "Study in Kazakhstan" Білім беру көрмесіне қатысты

АТУ Ректоры, ҰҒА академигі Талғат Құралбекұлы Құлажанов бастаған университет делегациясы Үрімші қаласында (ҚХР) Орталық Азия мен Қытай елдерінің Білім министрлерінің кездесуі аясында өткен "Study in Kazakhstan" білім беру көрмесіне қатысты.
Көрменің мақсаты халықаралық аудиторияны Қазақстанның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мекемелерінің білім беру бағдарламаларымен таныстыру, шетелдік студенттерді тарту, академиялық ынтымақтастықты кеңейту және білім беру қызметтерінің экспортын нығайту.