АТУ-ның жаңа интерактивті құралдары "Ұлы Жібек жолы бойынша" халықаралық көрмесінде ұсынылды
«Атакент» көрме орталығында өткен «Ұлы Жібек жолы бойымен» Халықаралық кітап және полиграфия көрмесі аясында «Бухгалтерлік есеп және қаржы» кафедрасының меңгерушісі Эльвира Абдулмитовна Рузиева мен кафедраның сениор-лекторы Фарида Маратовна Тулеева әзірлеген «Таможенное дело», «Кеден ісі» және «ESG-қаржы» атты жаңа интерактивті оқу құралдары таныстырылды. Бұл оқу құралдары қазіргі таңда оқытушылар мен студенттердің оқу үдерісінде табысты қолданылып келеді.
Аталған басылымдардың бірегейлігі — олардың заманауи форматында. Әрбір тарауға QR-кодтар енгізілген, олардың көмегімен нормативтік-құқықтық құжаттарға, декларация нысандарына, оқу бейнематериалдарға және Қазақстандағы кеден ісі мен ESG-қаржыға қатысты нақты практикалық кейстерге жылдам қол жеткізуге болады.
Мұндай тәсіл оқыту үдерісін барынша жандандырады: оқу құралын оқи отырып, студент бірден кәсіби жағдайларға «үңіліп», кеден жүйесінің іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін көре алады және материалды қызықты, тартымды әрі цифрлық дәуір талаптарына сай форматта меңгеру мүмкіндігіне ие болады.
Авторлар сапалы баспа үшін «Дарын» баспасына және презентацияны ұйымдастыруға қолдау көрсеткен Бақыт Тұрсағұлқызы Түлековаға шынайы алғыс білдіреді. Ортақ еңбектің нәтижесінде Алматы Технологиялық Университетінің оқу үдерісін заманауи, интерактивті және шынайы практикалық бағытталған деңгейге көтеретін маңызды өнім жарыққа шықты.


