АТУ магистранттары Қытайда тағылымдамадан өтуде!

Алматы технологиялық университеті мен Хэнань қала құрылысы университеті (HUUC) арасындағы ынтымақтастық аясында магистранттар Мұғиын Мереке «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасы, Аманжолов Қайрат «Автоматтандыру және басқару» және Жаханова Айнұр «Биотехнология» HUUC базасында оқу және ғылыми тағылымдамадан өтуде. Магистранттарға тегін оқу, жатақханада тұру және шәкіртақы қарастырылған.

Ынтымақтастық «Тұрақты даму үшін Қазақстан-Қытай ғылыми зерттеулер орталығын» құру туралы келісім аясында жүзеге асырылуда. Бұл орталық экология, технология және инновация салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыруға арналған маңызды алаң болмақ.

28 қазанда HUUC және Қытайдың серіктес компанияларының қатысуымен орталықтың ресми ашылу рәсімі өтеді.

Жоспарда 2+2 бірлескен білім беру бағдарламасын әзірлеу: 2 жыл АТУ-да және 2 жыл HUUC-та оқу арқылы екі университеттің дипломын алу мүмкіндігі.

АТУ халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамытып, студенттер мен ғалымдарға кәсіби және ғылыми өсудің жаңа мүмкіндіктерін ашуда!