АТУ кәсіби дамудың жаңа мүмкіндіктерін ашады: Reskilling және Upskilling бағдарламалары

«Алматы технологиялық университеті» АҚ қазіргі экономика мен цифрлық трансформация жағдайында сұранысқа ие дағдыларды дамытуға бағытталған Reskilling және Upskilling бағдарламалары аясында жаңа кәсіби құзыреттерді меңгеруге және біліктілікті арттыруға мүмкіндік береді.

Бағдарламалар қысқа мерзім ішінде жаңа мамандық алуға, кәсіби құзыреттерді кеңейтуге, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыруға және жұмыс берушілердің өзгермелі талаптарына бейімделуге мүмкіндік береді. Оқыту бизнес, өндіріс және заманауи технологиялардың қажеттіліктерін ескере отырып әзірленген өзекті бағыттар бойынша жүзеге асырылады.

Практикаға бағдарланған тәсілдің, білікті профессорлық-оқытушылық құрамның және АТУ-дың заманауи білім беру инфрақұрылымының арқасында тыңдаушылар кәсіби дағдыларын тиімді дамытуға, қызметтің жаңа бағыттарын меңгеруге және кәсіби ортадағы сұранысын арттыруға мүмкіндік алады.