АТУ командасы Alma-Liga студенттер лигасының финалына шықты
Алматы қаласының түрлі жоғары оқу орындарынан келген 10 команданың қатысуымен Alma-Liga студенттік лигасының ойыны өтті.
Alma-Liga - Алматыдағы ең креативті және талантты JAIDARMAN қатысушыларына арналған алаң, мұнда олар өздерін еркін көрсетіп, жаңа форматтарды сынап, шығармашылықпен айналыса алады!
АТУ-дың «Без паники» командасы жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, сенімді түрде финалға өтті.