АТУ өкілдері Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты
9 мамыр Ұлы Жеңіс күні қарсаңында, 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан батырлардың рухына тағзым ету, сондай-ақ олардың ерлігі, қаһармандығы мен жанқиярлығын жас ұрпақтың жадында мәңгі сақтау болды. Гүл шоқтарын қою рәсіміне Алматы технологиялық университетінің әкімшілігі мен студенттері қатысты.



