АТУ халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда: Пәкістан делегациясының ресми сапары

АТУ-ға ресми сапармен Пәкістан Ислам Республикасы Федералдық білім және кәсіптік даярлау министрлігінің Мемлекеттік министрі, Ваджиха Камар ханым бастаған делегация келді. Делегация құрамында Пәкістан білім беруді қолдау қорының (PAK-EEF) бас атқарушы директоры (CEO) Сайеда Хиджара Сухаил, техникалық директоры (CTO) Мазхар Амир, корпоративтік хатшысы (Company Secretary) Мурад Шуайб Хан, Пәкістан Федералдық білім және кәсіптік даярлау министрлігіне қарасты Емтихан органдарын үйлестіру комиссиясының (IBCC) директоры Сухаил Ахмед және Федералдық білім және кәсіптік даярлау министрлігінің Мемлекеттік министрінің жеке хатшысы Сайед Билал Ахмед болды.

Құрметті қонақтарды ҚР ҰҒА академигі, АТУ ректоры Құлажанов Талғат Құралбекұлы бастаған университет делегациясы қарсы алды. Ресми сапар аясында келіссөздер өткізіліп, университеттің таныстырылымы ұсынылды, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынш Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Сонымен қатар, сапар барысында қонақтарға АТУ-дың Бас оқу ғимараты мен ATU Inn оқу мейрамхана-қонақүй кешені бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Оқу мейрамханасында делегация мүшелері университетте дайындалатын тағам және тоқыма өнімдерімен, сондай-ақ студенттер мен оқытушылардың шығармашылық жобаларымен танысты.